Жаңалықтар

Қазақстан спортшысы брейкингтен Париж олимпиадасына қатысады

Қазақстан спортшысы брейкингтен Париж олимпиадасына қатысады
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 23.06.2024 23:15 346

Амир Закиров брейкингтен Олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Амир Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жеңілді. Осылайша, екінші орынмен қатар, олимпиадалық квота иеленіп отыр. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинады (Шанхайда ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген. 

Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Демек, Закирдің квотасы тарихи жолдама саналады. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға