Жаңалықтар

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасынан алғашқы тарихи жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасынан алғашқы тарихи жүлдеге қол жеткізді
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі 27.07.2024 13:52 833

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.  

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті - былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. 

Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың, күміске 150 мың доллар қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға