Қазақстан спортшылары осы аптада қандай жарыстарға қатысады

Туризм және спорт министрлігі 7-13 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7-12 сәуір – Сурдо жүзуден Қазақстан чемпионаты
Жарысқа 13 өңірден 152 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Павлодар қаласы.
7-13 сәуір – Пара жүзуден «Фудзи Шизуока» Әлемдік сериясы
Қазақстан құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Фудзи қаласы, Жапония.
8-13 сәуір – Бадминтоннан BWF Азия чемпионаты
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Нинбо қаласы, Қытай.
8-13 сәуір – Таэквондодан (I.T.F.) барлық жас санатындағы Азия кубогы
Сары құрлық додасына 28 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 368 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.
8-15 сәуір – Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионының әлем чемпионаты
Жаһандық додаға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Дамфрис қаласы, Ұлыбритания.
10-14 сәуір – Каратэ WKF-тен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты
Ішкі біріншілікке еліміздің 18 өңірінен 500 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.
11-12 сәуір – Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогы
15 өңірден 500 спортшы жарыс жолына шығады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
11-13 сәуір – Синхронды жүзуден Әлем кубогы кезеңі
Қазақстан құрамасынан 6 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Сомабай қаласы, Мысыр.
13-17 сәуір – Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Азия және Мұхит елдері чемпионаты
Жарысқа ел құрамасынан 90 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
13-19 сәуір – Жеңіл атлетикадан (U18) VI Азия чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Даммам қаласы, Сауд Арабиясы.
13-22 сәуір – Стенд атудан Әлем кубогы
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
13-22 сәуір – Нысана көздеуден Әлем кубогы
Отандық 14 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
