Жаңалықтар

Қазақстан спортшылары БРИКС ойындарында оныншы орынға жайғасты

Қазақстан спортшылары БРИКС ойындарында оныншы орынға жайғасты
Фото: © Freepik.com 24.06.2024 07:32 557

Қазан қаласындағы БРИКС ойындарында Қазақстан құрамасы медальдық есепте 10-орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Sputnik-тің жазуынша, құрама қоржынында екі алтын, 10 күміс және он жеті қола медаль бар. Бұл сында Ресей құрамасы 262 алтынды иеленіп, жалпыкомандалық есепте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Сонымен қатар ресейліктер 141 күміс және 99 қола жүлде иеленді.

Екінші орынды Беларусь (55 алтын, 85 күміс, 107 қола), үшінші орынды Қытай (20 алтын, 24 күміс, 18 қола) еншілесді.
 
БРИКС ойындары 12 маусымнан 23 маусымға дейін созылды. Жарысқа 90-нан астам елден 5 мыңға жуық спортшы қатысты, олар 387 медаль жиынтығын сарапқа салған болатын.
 
БРИКС ойындарында Қазақстанның намысын спорттың 13 түрінен 115 атлет қорғады. Кеше Татарстанда БРИКС ойындарының жабылу салтанаты өтті. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға