Жаңалықтар

Қазақстан спортшылары алдағы аптада қандай жарыстарға қатысады

Қазақстан спортшылары алдағы аптада қандай жарыстарға қатысады
Фото: ҰОК 24.11.2024 20:17 369

25 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22-30 қараша – Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир
Қазақстанның 2 спортшысы сынға түседі.
Өтетін орны: Колумбия, Кали қаласы.

22-30 қараша – Үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты
Жаһандық додада ел намысын Алан Құрманғалиев қорғайды.
Өтетін орны: Швеция, Хельсинборг қаласы.

24-26 қараша – Қазақ күресінен Әлем кубогі
Жарысқа әлемнің 9 елінен 100-ге жуық палуан қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 40 спортшы белдеседі.
Өтетін орны: Түркістан облысы.

25 қараша – Баскетболдан Азия кубогінің іріктеу турнирі
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Үндістан баскетболшыларымен ойнайды.
Өтетін орны: Үндістан, Ченнаи қаласы.

28-30 қараша – Қазақ күресінен республикалық турнир
Турнирге еліміздің барлық өңірінен 200 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Семей қаласы.

28 қараша мен 1 желтоқсан – Белбеу күресінен ҚР кубогі
Жарыста 18 өңірден 270 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Атырау қаласы.

29 қараша мен 11 желтоқсан – Бокстан Азия чемпионаты
Сары құрлық додасында ұлттық құраманың 13 боксшысы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Таиланд, Чиангмай қаласы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға