Қазақстан соңғы бес айда 4,8 млн тонна астық экспорттады
![Қазақстан соңғы бес айда 4,8 млн тонна астық экспорттады Қазақстан соңғы бес айда 4,8 млн тонна астық экспорттады](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141896/1200xauto_igxwY2yRdW4a5wNC1xf7BuErFWhxrSWKQNKgTEdY.jpg)
«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2024/2025 жылғы қыркүйек-қаңтар айларында еліміздің 6,1 млн тонна астық тасымалданғанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компания мәліметінше, оның ішінде 1,3 млн тоннасы – ел ішінде, ал 4,8 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. Экспорт көлемінің өсуі – 47%.
Экспорт бағыттары: Өзбекстан – 1,8 млн тонна (+40%); Тәжікстан – 724 мың тонна (+50%); Қытай – 659 мың тонна; Ауғанстан – 217 мың тонна (+38%); Иран – 576 мың тонна (өсім 29 есе); Әзербайжан – 266 мың тонна (өсім 88 есе), - делінген мәліметте.
АШМ деректерінде 2024 жылдың қорытындысында 10,6 млн тонна астық тасымалданғаны көрсетілген, оның 2,5 млн тоннасы – ел ішінде, 8,1 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. 3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның 817 мың тоннасы – Қазақстан ішінде, 2,4 млн тоннасы – экспортқа (өсім +3%).
Ұнның негізгі импорттаушылары: Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан және басқа да мемлекеттер.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)