Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчының төрешілері анықталды

Еуро-2024-ке іріктеу аясында өтетін Қазақстан – Солтүстік Ирландия арасындағы кездесуге неміс төрешілері төрелік етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матчтың бас төрешісі – Даниэль Шлагер, оған Лассе Козловски мен Свен Вашицки көмектеседі. Төртінші төреші – Мартин Петерсен.
Қазақстан – Солтүстік Ирландия ойыны 10 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның Еуропа чемпионатына жорығы: кездейсоқтық па, жұмыс нәтижесі ме?
- «Бұл менің отбасыма жасалған ақпараттық шабуыл». Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты пікір білдірді
Бүгін, 7 қыркүйекте, Магомед Адиев шәкірттері Финляндиямен өзара кім мықтыны анықтайды.
Қазір құрамамых 9 ұпаймен Н тобында финдерден кейін екінші орында келеді.
Еуро-2024-тің іріктеу циклін жерлестеріміз сәтсіз бастаған. Өз алаңымызда Словенияны ұтып тұрып ұтылып қалдық – 1:2. Есесіне келесі матчта азулы Данияны ұтып сенсация жасадық. Астанадағы кездесуде Магомед Адиев шәкірттері нағыз мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды. Ойынның 35-минутында қарсыластар сапынан Расмус Хёйлунн дубль авторы атанған болатын. Дегенмен 73-минутта пенальтиді тамаша орындаған Зайнутдинов есеп айырмасын қысқартса, көп ұзамай-ақ Асхат Тағыберген алыстан тұрып қақпаны дәл көздеді. Ал 89-минутта Абат Айымбетов баспен гол соғып, құрамаға жеңіс сыйлады. Бұл матч отандық футбол тарихындағы ең үздік ойынның бірі екені сөзсіз.
