Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчы: Ел құрамасы алда келеді

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
10.09.2023 19:51
1147
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия кездесуінің бірінші таймы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге есеп 1:0. Ойынның 27-минутында Максим Самородов есеп ашқан болатын. Максим Самородов соққан голдың арқасында Қазақстан құрамасы алда келеді.
Бұл ойынды тамашалауға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барды.
Сондай-ақ ойыншыларымызды қолдауға мұхит асып Қазақстан боксының аңызы Геннадий Головкин де келіп отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президент Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчын тамашалауға барды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті