Қазақстан Сирияға 50 тонна азық-түлік пен төсек-жабдық жібереді
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
10.02.2023 16:50
847
Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
“Көмек штаб пәтері Астана қаласында орналасқан азық-түлік қауіпсіздік Ислам ұйымының желісі бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымы шеңберінде болады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 160 миллионн теңгеден астам сома бөлінеді. Жалпы салмағы 50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлармен, төсек-жабдық ҚР арнайы әуе кемесі арқылы Сирия Араб республикасы аумағына жеткізілетін болады. Бүгін бірінші ұшақ Алматы қаласынан Сирияға ұшып шықты”, - деді Айбек Смадияров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы