Қазақстан СІМ-де Кореямен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.09.2023 22:30
613
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың дамуы мен көпжақты форматтағы ықпалдастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға келісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға