Жаңалықтар

Қазақстан СІМ басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды

Қазақстан СІМ басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
Фото: ҚР СІМ 13.04.2025 03:20 388

Тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту міндеттерін іске асыру шеңберінде премьер-министр орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Жетісу облысына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, сапар барысында министр «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» және «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймақтарының, сондай-ақ «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті мен «Алтынкөл» халықаралық өткелінің қызметімен танысты. Аталған нысандардың Орта дәлізді кеңейту және «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыру аясындағы стратегиялық әлеуеті ерекше аталып өтті.

Жергілікті атқарушы органдармен, шетелдік және отандық инвесторлармен өткен кездесулер барысында қатысушылар Жетісу және Алматы облыстарының жоғары экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуетін атап өтті, - делінген мәліметте.  

Осыған байланысты көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, энергетика, өңдеу өнеркәсібі және ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие басқа да салалардағы инвестициялық жобаларды дамытуға баса назар аударылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға