Жаңалықтар

Қазақстан СІМ басшысы Иран елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Иран елшісін қабылдады
Фото: ҚР СІМ 14.02.2025 01:34 107

ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иран Ислам Республикасының елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған алдағы іс-шараларды талқылады.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Иранның сенімді серіктес ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету үшін нақты қадамдар жасау қажеттігін айтты. Бұл тұрғыда кезекті отырысы Қазақстанда 2025 жылдың бірінші жартысында жоспарланған Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясы ерекше рөл атқарады, - делінген мәліметте.

Көлік және логистикалық кооперацияны дамыту, оның ішінде транзиттік маршруттарды кеңейту мәселелеріне бөлек назар аударылды.

Сонымен қатар дипломаттар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға