Қазақстан ШЫҰ-ның туризмді дамыту туралы келісіміне қосылады
Фото: El.kz
Фото: El.kz
31.03.2023 10:35
858
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісіміне қосылуы мүмкін. Келісім жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазақстан 2022 жылғы 16 қыркүйекте Самарқандта жасалған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қосылсын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген құжатта.
Келісім жобасы 13 сәуірге дейін ашық талқылауда болады. Кейін құжат қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті