Жаңалықтар

Қазақстан Швейцариямен бағалы бұйымдар туралы келісімді ратификациялады

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Қазақстан Швейцариямен бағалы бұйымдар туралы келісімді ратификациялады
Фото: Ақорда 23.01.2023 17:43 913

Қазақстан Үкіметі мен Швейцария арасындағы бағалы метал бұйымдар жөніндегі келісім ратификацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға