Қазақстан шорт-трек құрамасы World Tour екінші кезеңінде сынға түсті
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
04.11.2024 22:51
514
Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен World Tour сериясының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан спортшыларының нәтижелерін келесідегідей болып отыр. Жекелей сында ең үздік нәтижені Денис Никиша көрсетті. Ол 500 метр қашықтықта B финалына шығып, екінші орынмен мәреге жетті.
Әйелдер арасында Ольга Тихонова 1500 метр қашықтықта жартылай финалға дейін жетті. Ол өз жарысында жетінші орын алып, финалға өте алмады.
Қазақстанның барлық үш эстафеталық құрамы B финалына қатысты. Ерлер бірінші орын алды, ал әйелдер екінші нәтижені көрсетті, сондай-ақ аралас құрам B финалында үшінші болып жарысты аяқтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға