Жаңалықтар

Қазақстан шет елдерге 118,3 млн долларға ет өнімдерін сатты

Қазақстан шет елдерге  118,3 млн долларға ет өнімдерін сатты
Фото: © iStock 21.11.2023 13:50 678

9 айда Қазақстан 118,3 млн долларға ет экспорттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Биылғы тоғыз айда (қаңтар-қыркүйек) Қазақстаннан $121,7 млн 42,4 мың тонна ет және ет өнімдері экспортталды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5% артық (32,2 мың тонна).
 
Оның ішінде жыл басынан бері $118,3млн 40,3 мың тонна ет экспортталды, ал өткен жылы осы кезеңде $104 млн 30,4 мың тонна экспортталған, өсім 32,5% құрап отыр.
 
Бұл санаттағы экспорттың ең көп көлемі ірі қара малдың мұздатылған еті бойынша байқалды – 4,4 есе (171 тонна – 2023ж., 38,3 тонна – 2022ж.), бұл ретте ірі қара малдың салқындатылған етінің экспорты өткен жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 12,6% төмендеген (11,8 мың тонна – 2023ж., 13,5 мың тонна-2022ж.).
 
Ал ет өнімдері бойынша жоғарыда аталған кезеңде жалпы сомасы $3,3 млн 2 мың тонна экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2% артық (2022 ж. қаңт.-қырк. $3,8 млн 1,8 мың тонна).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға