Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Пәкістан азаматтары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша белсенді шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 1 мамырда әскери қызметкерлер Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Пәкістан Ислам Республикасының 4 азаматын Мерке ауылында ұстады. Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-тармағы бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпас шарасы қолданылды.
2023 жылғы 2 мамырда «Сыпатай батыр» мен «Қордай» автокөліктік өткізу пункттерінде Қырғызстаннан 58 мың қорап темекі заттарының ірі партиясын Қазақстанға заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді.
Контрабандалық тауардың алдын-ала бағалау құны 17 млн теңге. Тәркіленген жүк процессуалдық шешім шығару үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментіне берілді.
