Қазақстан шайды қайдан импорттайды?
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
05.09.2024 04:10
1124
Биылғы бірінші жарты жыл ішінде Қазақстан 40,4 млн АҚШ доллары сомасына 13,4 мың тонна шай импорттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт көлемі 28,1% қысқарды.
Негізгі жеткізушілер: Кения – 4,8 мың тонна, Үндістан – 4,7 мың тонна, сондай-ақ Қытай мен Ресей – әрқайсысы 1,1 мың тоннадан. Оған қоса шай өнімі Вьетнам, Иран, Шри-Ланка және Грузиядан да келеді, - делінген мәліметте.
Өз кезегінде Қазақстан шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады.
Айта кетейік, бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай тұтынады (2023 жыл бойынша).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға