"Қазақстан" шахтасында кен өндіру жұмыстары тоқтап қалды
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
03.09.2023 13:56
1108
Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасында кен өндіру жұмыстары толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған кеніштегі өндіріс белгісіз уақытқа тоқтатылып отыр. Алайда басқа жұмыс түрлері жалғасып жатыр. 600 кенші мен басқа да шахта қызметкерлері жұмыссыз қалмайтынын "Қорғау" кәсіподағы мәлімдеді.
"Біз "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығымен "Қазақстан" кенішінің жұмысшыларына еңбекақыны атқарған жұмысына қарай төлеуге, бірақ орташа жалақыдан төмендетпеу туралы келісімге келдік", - деді кәсіподақ қоғамының өкілдері.
Кәсіподақ ұйымының мәліметінше, апат болған кенжар гипсті бөгеттермен бұғатталған. Ол температура төмендеп, ішіндегі жағдай адамдарға қауіпсіз болғанда ашылмақ.
17 тамыз күні "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру кезінде конвейер лентасы өртенген болатын. 227 кеншінің 222-сі эвакуацияланды, бесеуі көз бақилық болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қазақстан барысының" үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жаңа лауазымға тағайындалды
Келесі жаңалық
«Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды