«Қазақстан» шахтасына өрт әдейі қойылғаны рас па?

Фото: ©Globallookpress/Serguei FOMINE
Фото: ©Globallookpress/Serguei FOMINE
21.08.2023 16:38
1144
Әлеуметтік желілерде «Қазақстан» шахтасы қасақана өртелгені туралы мәлімет тарады. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өрттің себебін анықтайтын сараптамалар тағайындалды.
Облыс тұрғындарынан ықтимал қауесет пен арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа жүгінуін сұраймыз, - деп ескертті Полиция департаментінен.
Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстьық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тоғызқұмалақ әлемде ең көп ойналатын ойындар қатарына енді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті