Қазақстан сейсмологтары Тәжікстанда жер сілкінісін тіркеді

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
18.05.2023 22:05
767
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 18 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 20:08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 750 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы – 5.0. Тереңдігі – 35 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Атырауда итке темір бағана қадалып қалған
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді