Қазақстан сапында бесінші боксшының әлем чемпионатындағы жорығы аяқталды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
08.05.2023 23:24
1780
Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қазақстан боксшысы Сағындық Тоғамбай турнир қожайыны Шохжахон Абдуллаевпен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Тоғамбай - жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы. Ересектер арасында әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ал 2022 жылы ұлттық құрама сапында Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды.
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатында Шодиер Меликузиевті ұтса, Махмұд Сабырхан венгр боксшысы Иштван Сакодан басым түсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты