Қазақстан Ресейге көмек ретінде әскер жібере ме? Сұлтан Камалетдинов жауап берді
Фото: © СЦК
Фото: © СЦК
31.05.2023 11:21
1084
Қазақстан Ресейге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы негізінде әскер сұраса жібере ме? Бұл сұраққа қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты.
Журналистер ведомство өкілінен «қазіргі таңда Украина Ресейге шабуыл жасап жатыр деген ақпарат бар. Егер Ресей Қазақстаннан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы негізінде көмек сұраса, әскер жіберуі мүмкін бе?» деп сұрақ қойды.
Ресей сұраса, оны ең алдымен Парламент мақұлдауы керек. Мақұлдаса – жібереміз. Дегенмен Қорғаныс министрлігі бұл тараптағы сұрақтарға жауап бермейді, - деп жауап берді Сұлтан Камалетдинов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға