Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алуға қанша қаражат жұмсайды

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстанның Ресейден электр энергиясын сатып алуға қатысты шығындар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұңғат Есімханов болжамды түрдегі сомасын атады.
Бұл шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Дәл нақты соманы кейін ұсынатын боламыз. Бірақ біз бұл көрсеткіштің төмендеуін болжап отырмыз, себебі қосымша қуат көздерін іске қостық. Өткен жылы жоспарлы түрде 2,6 миллиард кВт сатып алдық, ал биыл бұл көлемді азайтуды көздеп отырмыз. Биыл 2 миллиард кВт-тан аспауға тырысамыз, – деді ол.
Энергетика вице-министрінің сөзінше, келесі жылдан бастап сатып алу мөлшері азаймақ. Ал 2027 жылы Қазақстан Ресейден электр энергиясын мүлде сатып алмайды деген болжам бар.
