Жаңалықтар

Қазақстан-Ресей дипломатиялық қатынасына – 30 жыл

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Қазақстан-Ресей дипломатиялық қатынасына – 30 жыл
Фото: Ақорда 22.10.2022 14:49 1495

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Кейінгі онжылдықта екі мемлекет берік достық пен тату көршілікке, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық қатынас орнатты. Қазақстан мен Ресейдің үлгілі ынтымақтастығының қазіргі деңгейі Сіздің Ресей мемлекетінің басшысы ретіндегі зор үлесіңіздің арқасында мүмкін болды.

Ресей – Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктесі, еліміздің жетекші инвесторларының бірі. Әртүрлі саладағы бірлескен ірі жобалардың сәтті жүзеге асырылуы өңіраралық диалогтың кеңеюіне және жан-жақты ынтымақтастықтың тереңдеуіне ықпал етеді.

Қазақстан мен Ресей көпжақты платформаларда, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл мемлекеттердің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді», – деп жазылған құттықтау хатта.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға