Жаңалықтар

Қазақстан Қытаймен трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізуде

Қазақстан Қытаймен трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізуде
Фото: © El.kz 19.08.2024 19:28 470

Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, екі мемлекеттің мамандары кіретін бірлескен жұмыс тобы құжатты әзірлеумен айналысады.

Келісім жасаудағы негізгі міндет Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Министрлік Балқаш көлін қажетті су көлемімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан көлге 12 млрд текше метрден астам су жіберілді, - деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға