Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
20.06.2023 21:52
904
Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы» келісімге сәйкес ҚХР-да тойланатын «Айдаһар қайықтары мейрамына (Дуань У)» байланысты 2023 жылғы 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөліктік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейтінін хабарлайды. Теміржолдық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматы полицейлері боди-массаж жасайтын салонды анықтады
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды