Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылатын болды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
04.05.2023 23:17
1582
Шекара бекеті мереке күндеріне байланысты жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Мереке күндеріне байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.
Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитеті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Үкімет кәсіпкерлікті қолдау шараларын қайта қарастырмақ
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды