Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының мүшесі: Көкпар барысында қарғыс та, тартыс та болып тұрады

Қазақстан құрамасының мүшесі: Көкпар барысында қарғыс та, тартыс та болып тұрады
Фото: El.kz / Миражан Махан 13.09.2024 16:26 903

Көкпардан Қазақстан құрамасының мүшесі Абылайхан Нышанбеков көкпар кезінде қазақ пен қырғыз ойыншысы арасындағы даудың неден басталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Көкпар ойынының бірінші кезеңінде оныншы нөмірдегі біздің қорғаушымыз Ұлан Бәйтерек ағамызға қырғыз ойыншысы балағат сөз айтқан. Намысқа тиіп, балағат сөзді көтере алмаған соң қамшы жұмсағаны рас. Ойын барысында қарғыс та, тартыс та болып тұрады. Қызу қанды халықпыз ғой. Ойын барысында болған нәрсе сол жерде қалады деп ойлаймын. Оны Қырғызстан Республикасындағы бауырларымыз әлеуметтік желіге салып, талқылап жатыр екен. Біздің балуандарымыз өздігінен тиіскен жоқ. Ұрған жоқ. Намысқа тигендіктен қамшы жұмсады, - деді Абылайхан Нышанбеков.

Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасының оныншы нөмірлі ойыншысы Қырғызстан құрамасының нөмірі екінші ойыншысын қамшымен бір салған видеосы желіде қызу талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға