Қазақстан құрамасының капитанына Түркия клубы қызығушылық танытып отыр
Ozgurkocaeli мәліметінше, «Коджаэлиспордың» бас бапкері Эртугрул Саглам бұл трансферді мақұлдаған. Клуб Тағыбергеннің өзімен келіссе болғаны, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
32 жастағы жартылай қорғаушы «алтылық» немесе «сегіздік» позицияда ойнай алады. Эртугрул Саглам келісімшарт мерзімі 31 желтоқсанда аяқталатын тәжірибелі жартылай қорғаушыны қатарға қосуды құптады.
Оқи отырыңыз:
- «Ордабасының» Конференция лигасына даярлығына 2,3 млрд теңге бөлінді
- Асу Алмабаев 50 мың долларды қайда жұмсайтынын айтты
Тағыберген +1 квотасы бойынша келіп тұр. Оның үстіне «Коджаэлиспор» клубында ойнауға дайын. Дегенмен «Коджаэлиспор» басшылығы қызығып отырған ойыншымен келісімшарт жасалмаған, - деп жазды дереккөз.
Тағыберген Қызылорда футболының түлегі. Карьерасында «Қайсар», «Тобыл», «Астана» және «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсетті.
2014 жылы Қазақстан құрамасына шақыртылды.