Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикада жастар арасындағы Азия чемпионатында үштік енді

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикада жастар арасындағы Азия чемпионатында үштік енді
01.05.2023 18:59 1012

Ташкентте 18 жасқа дейінгі қыздар мен ерлер арасында жеңіл атлетикадан V Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

27-30 сәуір аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен сары құрлық біріншілігінде 29 елден 300-ге жуық спортшы бақ сынаған болатын. Қазақстаннан 36 спорт түрінен 58 саңлақ жарыс жолына шығып, сынға түсті. 

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 3 алтын, 6 күміс және 5 қола жүлдеге қол жеткізді. Олаордың арасында Анастасия Колода (400 метрге кедергілерме жүгіру), Сенинг Иван (онсайыс), Конищева Ирина (жетісайыс) Азия чемпионы атанса, Екатерина Палуба (400 метрге кедергілермен жүгіру), Кабирова Эльмира (сырықпен секіру), Софья Киденко (400 метр), Малюгина Арина (биіктікке секіру), Болатбекқызы Аяна (1500 метр), әйелдер эстафеталық құрама командасы күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Нұрдәулет Маман (найза лақтыру), Якименко Елизавета (үш қарғып секіру!, Григорьева Богдана (3000 метр), Балабин Максим (сырықпен секіру), Мұхаметқали Реза (сырықпен секіру) үздік үштікке еніп, қолаа жүлдені қанағат тұтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға