Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы үшін таеквондодан әлем чемпионы сәтсіз өтіп жатыр

Қазақстан құрамасы үшін таеквондодан әлем чемпионы сәтсіз өтіп жатыр
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 03.06.2023 01:40 883

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан 26-шы әлем чемпионының 5-жарыс күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Жарыс жолына Ұлттық құрама сапынан Рита Бакишева (46 кг) мен Жавохирхон Исламов (54 кг) шықты.

Рита Бакишева ширек финалға дейін сүрінбей жетіп, жүлдеге бір табан қалғанда қазіргі әлем чемпионы, 2021 жылғы Еуропа чемпионы Лина Стойковичке жол берді. Аса тартысты өткен айқастың алғашқы раундында отандастарымыз көп дәл соққы жасап, басым түсті. Алайда 21 жастағы хорватиялық таразы басын теңестіріп, осыдан кейін шешуші раундта да ұтып кетті. Рита 1/8 айналымында аустралиялық Джульет Дахудты, оның алдында испаниялық Лаура Кортегосо Лиманы айқын басымдықпен жеңген.

Жавохирхон Исламов Бурундиден келген Бенумугиша Гай Калебті ойсырата ұтып, чемпионатты жарқын жеңіспен бастаған. Алайда 2-айналымда Германия құрамасының өкілі Халед Абдель Халимнің мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

Ертең даянг төрінде Назым Махмұтова (62 кг) мен Нұрқанат Қожахметов (74 кг) бағын сынап көреді.

Жалпы биылғы додаға 145 елден мыңға тарта таеквондошы жиналды. Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқаны таеквондодан XXVI әлем чемпионаты. Биылғы дода Халықаралық таеквондо федерацясының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Алдағы аптада мұнда Париж Олимпиадасына қажет ұпайлар сарапқа салынады. 

Бұл спортта рейтингі ең жоғары бәсеке – Олимпия ойындары (G20). Одан кейін әлем чемпионаты (G14), Гран-придің финалы (G10) мен Гран-при санатындағы жарыстар (G6) тұр. Әлем чемпионы 140 балл алса, күміс жүлде үшін 84, қолаға 50 ұпай беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға