Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы таеквондодан Bulgaria Open турнирінде 14 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы таеквондодан Bulgaria Open турнирінде 14 медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz 03.03.2025 21:05 155

Таеквондодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан Bulgaria Open халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, алтын жүлдені Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін) иеленді. Финалда ол Греция спортшысы Хараламбос Флускоунистан басым түсті.

Ал күміс жүлдеге Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Әзірет Дүйсенбек (54 келіге дейін), Бектөре Оралханов (58 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін), Нұрлан Мырзабаев (87 келіге дейін).

Қола жүлдегерлер: Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Артур Серік (54 келіге дейін), Нұрай Қазынабек (57 келіге дейін), Камила Аймұқашева (62 келіге дейін), Аманбол Бегімбетов (63 келіге дейін), Дамир Шүленов (68 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға