Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогында өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогында өнер көрсетеді
Фото: ҚР ҰОК 05.11.2024 17:27 89

Қараша айында семсерлесуден Қазақстан құрамасы бірнеше Әлем кубогы кезеңдерінде өнер көрсетеді. Жаттықтырушылар штабы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, шпагашылар төрт Әлем кубогы кезеңіне және бір оқу-жаттығу жиынына қатысады.

Әлем кубогы кезеңі Бернде (Швейцария) 8-10 қараша аралығында өтеді.

Бұл жарысқа Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Руслан Құрбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Георгий Тинников, Никита Жулинский қатысады.

8-10 қараша аралығында әйелдер арасында Әлем кубогы кезеңі Фуджейрада (БАӘ) өтеді.

Бұл жарысқа Владислава Андреева, Каролина Фомина және Кристина Фомина, Виктория Кайдарова, сондай-ақ Ләззат Карипова, София Николайчук, Наталья Зинякова қатысады. 

11-18 қараша аралығында Спалада (Польша) ерлер құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Ал 21-24 қарашада Ванкуверде (Канада) ерлер арасында Әлем кубогы болады.

Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, сондай-ақ Кирилл Павлов сынды спортшылар Канадада өнер көрсетеді.

29 қараша - 1 желтоқсан аралығында Гонконгта жастар арасында Әлем кубогы кезеңі өтеді.

Оған қатысатын қазақстандық спортшылар тізімінде Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Касен Ансар, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Георгий Тинников, Уәлихан Нариман және Жанарбек Жанұзақов бар.

Сонымен қатар саблистерде Әлем кубогында өнер көрсетеді.

Қоса айтқанда, 7-10 қараша аралығында Алжирдің Оран қаласында ерлер мен әйелдер арасында Әлем біріншілігі өтеді.

Жарысқа шығатын сайыскерлер тізімі: Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев, Бақдәулет Құралбекұлы, Қуаныш  Эргашбай, Карина Доспай, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Жасмин Капыджы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға