Жаңалықтар

Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?

Қазақстан қоқыспен қалай күресіп жатыр?
Фото: ©Pixabay 21.07.2023 17:50 1054

StopMusor әлеуметтік жобасының үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері жоба асында қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және халықтың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін бірқатар ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған жоба 2020 жылдан бастап іске асырылып келеді. Оны Оны Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы жүзеге асырды.

Қоқыспен күрес

2023 жылғы 27 наурыз бен 27 сәуір аралығында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «Стихиялық қоқыс үйінділерімен күрес және қоқысты өңдеуге қатысты жастар арасындағы үздік бастама» атты байқау ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – жастарды экологиялық саясатты қалыптастыруға тарту, өскелең ұрпақтың инновациялық идеясы арқылы аталған мәселені шешу.

«Жер сағаты»

Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша 20:30-дан 21:30-ға дейін  «Жер сағаты» акциясы өтті. Осылайша, елорданың көптеген нысанында жарық өшірілді.

Оның негізгі мақсаты – адамдардың назарын әлемдегі ресурстарды ұқыпты және жауапты тұтынуға аудару. Бұл – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) жаһандық акциясы. 

Жыл сайын 180 елде аталған акция өтіп, млн-даған адам жарық пен электр құрылғыларын бір сағатқа сөндіреді.

Қазақстанда «Жер сағаты» акциясының танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, биыл еліміздің барлық өңірі акцияға қосылды.

«Тазалық сақшылары»

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы StopMusor әлеуметтік жобасы аясында 2023 жылғы 27 мамырда «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының қатысуымен Бурабай ауданындағы Шортанды көлінің жағасында сенбілік өткізді.

Іс-шараға «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы А. Соловьева, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі А. Мұздыбаев, Kazakhstan Innovations ҚҚ төрағасы М. Әбішева мен еріктілер қатысты.

Сенбілік қорытындысы бойынша 200 келіден аса қатты тұрмыстық қалдық жиналды.

Сенбілік қазақстандықтардың назарын экологиялық проблемаларға, оның ішінде қоршаған ортаның ластануына, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және волонтерлік қызметті дамытуға бағытталды. 

«Заттарға екінші өмір сыйла»

2022 жылғы 23 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Сәтбаев университетінің алаңында студенттер мен қала тұрғындары үшін «Дармарка» акциясы ұйымдастырылды.

Акция асында тұрғындар өз заттарын әкеліп, басқа затқа айырбастап, сол арқылы ескі затқа екінші өмір сыйлай алады.

Сонымен қатар аталған акция 1-3 наурыз аралығында Жезқазған қаласында да ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға