Жаңалықтар

Қазақстан ҚХР-дағы Жастарды дамытудың дүниежүзілік форумына қатысуда

Қазақстан ҚХР-дағы Жастарды дамытудың дүниежүзілік форумына қатысуда
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 31.10.2023 23:32 778

Ауқымды іс-шара Бейжің мен Шэньчжэньде, ондаған елдерден 80 көшбасшы мен 300 делегатты, сондай-ақ бүкіл әлем өкілдерін онлайн форматта бір алаңға жинады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Форумның ашылу салтанатында ҚХР басшысының атынан құттықтау оқылды. Си Цзиньпин іс-шара қатысушыларын құттықтап, бүкіл әлем жастарын жастар ынтымағы мен ынтымақтастығы тарихының жаңа тарауын бастауға шақырды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Жастардың ынтымақ пен инновациядағы күші: орнықты даму үшін бірлескен күрес» форумына қатысып, Қазақстандағы жастарды дамыту саясатының тәжірибесімен бөлісті.

Форумның негізгі мақсаты – бүкіл әлемдегі жастар жаһандық дамуға үлес қоса алатын және жастардың дамуына ықпал ету үшін жаһандық күш-жігерді біріктіретін көпжақты платформа құру. Форум екінші рет өткізіліп отыр және халықаралық ұйымдар, министрліктер мен ведомстволар, жастар ұйымдары, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас көшбасшылар мен мүдделі тараптар үшін жастардың құқықтары мен олардың мүмкіндіктерін кеңейту есебінен даму саласындағы күн тәртібін талқылайтын көпжақты алаң болып табылады, - деді Евгений Кочетов.

Айта кетейік, ҚХР-да Жастарды дамытудың дүниежүзілік форумы бірінші рет 2022 жылдың шілдесінде өтті. Оған 100-ден астам елден 2000 жас делегат қатысты.

Форум өз жұмысын 1 қарашада аяқтайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға