Жаңалықтар

Қазақстан прокурорлары Түркиядағы халықаралық конференцияға қатысты

Қазақстан прокурорлары Түркиядағы халықаралық конференцияға қатысты
Фото: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі 04.05.2023 19:31 712

Бас прокуратураның делегациясы Түркияда өткен халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2-4 мамыр аралығында Қазақстан Бас прокуратурасының өкілдері Түркиядағы Стамбул қаласында өткен «Цифрландыру дәуіріндегі тиімді тергеулер» тақырыбындағы Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 1-жалпыеуропалық өңірлік конференцияға қатысты.

Қазақстан прокурорлары Түркиядағы халықаралық конференцияға қатысты

Конференцияда 32 елден келген прокурорлар цифрландырудың тергеулерге әсерін талқылады. Сондай-ақ әріптестер алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша білімдерімен және тәжірибелерімен алмасты. Бұдан бөлек Қазақстан мен Түркияның қылмыстық қудалау желісі бойынша екіжақты келісім аясында Бас Прокурорының орынбасары  Ж.Ж.Өмірәлиев Түркияның Бас Прокуроры Б. Шахинмен кездесті, - делінген хабарламада.

Қазақстан прокурорлары Түркиядағы халықаралық конференцияға қатысты

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көпжылдық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, оны одан әрі нығайту туралы келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға