Қазақстан президентін Будапештте ресми қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
20.11.2024 16:51
862
Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда «Граждане крыши» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында малшы жоғалып кеткен