Жаңалықтар

Қазақстан президенті Таиланд премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан президенті Таиланд премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz 28.03.2025 22:35 739

Мемлекет басшысы Таиландтың премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді, - деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға