Қазақстан президенті Таиланд халқын Ұлттық мерекемен құттықтады
![Қазақстан президенті Таиланд халқын Ұлттық мерекемен құттықтады Қазақстан президенті Таиланд халқын Ұлттық мерекемен құттықтады](/storage/storage/element/2024/12/05/mainphoto/132766/1200xauto_pabfViQJrkP52oJPSo9VdDIEJZfTzGdag9TyR15H.jpg)
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
05.12.2024 15:01
1052
Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан президенті жеделхатында Таиланд корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
Сонымен қатар Президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан 145 млн еуроға әскери ұшақ сатып алды