Қазақстан президенті Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
28.10.2024 16:01
1066
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
Бөлісу:
