Жаңалықтар

Қазақстан Паралимпиадаға тағы бір жолдама алды

Қазақстан Паралимпиадаға тағы бір жолдама алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі 20.06.2024 16:26 269

Пара жүзуден Рио-2016 Парадимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина  XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама алды. Зульфия Габидуллина ел тарихында 4-ші мәрте  Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын болады.

Бұл Паралимпиада ойындарына еліміздің 14-ші лицензиясы. Бұған дейін, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі және пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева және пара үстел теннисінен Али Махулбеков  алған болатын.

Айта кетсек, XVII жазғы Паралимпиада ойындары тамыздың 28-і мен қыркүйектің 8-і аралығында Парижде өтеді. Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға