Қазақстан Өзбекстанның сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне кірді

Қазақстан биылғы жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның негізгі сыртқы сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ӨР Статистика агенттігінің мәліметінше, жылдың қаңтар-шілде айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 34,9 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3% көп.
Елдің басты сауда серіктесі Қытай болып қала береді. Елдер арасындағы айналым 6 6,9 млрд долларды құрады (жалпы көлемнің 19,7%-ы). Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Ресей тұр – 5 5,3 млрд доллар (15,1%). Өзбекстанмен тауар айналымы бойынша көшбасшы елдер «үштігіне» Қазақстан да кірді – 2,49 млрд доллар (7,1%).
Жалпы тауар айналымы құрылымында Өзбекстан Қазақстанға 807,7 млн долларға тауар экспорттады, ал импорт 1 1682,7 млн долларды құрады.
