Жаңалықтар

Қазақстан оқушылары халықаралық химия олимпиадасында 4 медаль алды

Қазақстан оқушылары халықаралық химия олимпиадасында 4 медаль алды
Фото: gov.kz 25.07.2023 21:00 1117

Қазақстандық оқушылар 55-ші халықаралық химия олимпиадасында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Интеллектуалдық жарыста әлемнің 88 мемлекетінен 350-ден астам оқушысы қатысты. Олимпиада 16-25 шілде аралығында Швейцарияның Цюрих қаласында өтті.

Қазақстан құрама командасының атынан төрт оқушы қатысып, бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды, химия бойынша медальдар қорының сапалық құрамын жаңартқан жеңімпаздар:

  • Санжар Бисенәли - Астана қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» 12 сынып оқушысы – алтын медаль;
  • Ринат Илюсизов - Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің  10 сынып оқушысы – күміс медаль;
    Альмира Нурланова - Ақтау қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» 12 сынып оқушысы – күміс медаль;
  • Бекболат Мамырбеков - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БИЛ» 11 сынып оқушысы – қола медаль.

«Үздік төрттіктің» жетекшілері — республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары Әзім Аманжолов пен Азамат Жақсылықов.

Айта кетейік, ірі халықаралық олимпиадалардағы жеңіс оқушыларға конкурстан тыс негізде еліміздің жоғары оқу орындарына грант, ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді. Алтын медаль иегерлері 1500 АЕК, күміс медаль иегерлері – 1000 АЕК және қола медаль иегерлері – 500 АЕК. Олардың тәлімгерлері де марапатталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға