Жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде шегірткенің көбеюіне қатысты жағдай Үкімет бақылауында

Қазақстан өңірлерінде шегірткенің көбеюіне қатысты жағдай Үкімет бақылауында
Фото: t.me/KZgovernment 09.07.2023 21:30 828

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысына шегірткеге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды бақылау үшін барды.

Ақтөбе облысында 8 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек жүр.

Қостанай және Ақтөбе облыстарында шегірткелердің екі түрі кең таралған: италиялық прус және азиялық шегіртке.

9 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында шегірткелерден арылтуға жоспарланған 422,9 мың гектар жердің 356 мың гектарына тиісті жұмыстар жүргізілді. Облыстың 10 ауданында және Арқалық қаласында шегірткені жою жүргізілді.

Ақтөбе облысының аумағында 9 шілдедегі жағдай бойынша 667,865 мың га жер, оның ішінде италиялық прусқа қарсы 646,965 мың га немесе жалпы өңделмек жердің 99,97%-ы, азиялық шегірткеге қарсы 20,9 мың га немесе жалпы өңіделмек жердің 95,5%-ы өңделген.

Жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды.

Химиялық өңдеулерді жүргізу үшін Қостанай облысында 9 желдеткіші бар сепкіш, 3 ұшақ, 6дельтаплан, 13 аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды.

Ақтөбе облысында 56 арнайы сепкіш техника, оның ішінде 19 желдеткіші бар сепкіш, 19аэрозольді газ генераторы, 8 аса жеңіл авиация кемесі және 10 ұшақ бар.

Жалпы республика бойынша италиялық шегірткеге қарсы өңдеу 1,2 млн гектарға немесе 92,3%-ға жүргізілді.

Жұмыстар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толық аяқталды.

Жалпы өңірлер бойынша мониторинг және тиісті

іс-шаралар жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға