Жаңалықтар

Қазақстан өкілі алғаш рет БҰҰ Әйелдерге қатысты комитетке сайланды

Қазақстан өкілі алғаш рет БҰҰ Әйелдерге қатысты комитетке сайланды
Фото: Сыртқы істер министрлігі 08.06.2024 11:46 595

Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенциясына қатысушы мемлекеттердің 23-ші кеңесі шеңберінде БҰҰ штаб-пәтерінде 2025-2028 жылдар кезеңіне Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитет (CEDAW) мүшелерін сайлау өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Алғаш рет Қазақстаннан кандидат – белгілі қазақстандық дипломат Мадина Жарбусынова CEDAW құрамына сайланды. Бұл маңызды тарихи оқиға, өйткені бұған дейін БҰҰ-ның осы маңызды органында Орталық Азия елдерінің ешқайсысы ұсынылмаған.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан – гендерлік теңдік саласындағы прогресс бойынша көшбасшы. Қазақстан 146 ел арасындағы гендерлік теңдікті бағалау үшін әзірленген 2023 жылғы Жаһандық гендерлік алшақтық индексінде 62-ші орынға ие болып, позициясын жақсарды және 18 орынға көтерілді.

Қазақстанмен қатар CEDAW-да 11 орынға 20 мемлекеттің өкілдері үміткер болды – Оман, Швейцария, Ливан, Нидерланд, Гватемала, Андорра, Аустралия, Непал, Грузия, Чили, Барбадос, ҚХР, Зимбабве, Бурунди, Камерун, Мозамбик, Солтүстік Македония, Уругвай, Ұлыбритания және Того.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға