Қазақстан нысана көздеушілері Катарда жаттығу жиынын бастады
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
25.04.2024 21:42
805
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Катардың Доха қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу жиынына 49 спортшы қатысып жатыр. Жиынның басты мақсаты – Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін рейтингілік әлем кубогі кезеңіне дайындалу болып отыр.
Сондай-ақ, жиын барысында команда бапкерлері Рио-де-Жанейрода өткен әлем кубогі кезеңін қорытындылады.
Айта кетелік, аталған сында ең жоғарғы нәтижені Елизавета Безрукова, Консатинтин Малиновский, Валерий Рахымжан көрсетті. Олар 5-орыннан көрінген. Ал Дохадағы жаттығу жиыны 30 сәуірге дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға