Жаңалықтар

Қазақстан мұнай өндіру көлемін жазға дейін шектейді - министрлік

Қазақстан мұнай өндіру көлемін жазға дейін шектейді - министрлік
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 03.03.2024 23:20 812

Қазақстан ОПЕК + -ке қатысушы кейбір елдермен үйлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Осы ретте 2024 жылдың маусым айының соңына дейін Қазақстанда өндіру тәулігіне 1468 баррельді құрайды. Болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылатын болады.

Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялаған, 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылатын өндірісті күніне 78 баррельге өз еркімен қысқартуға қосымша болып табылады.

Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға