Жаңалықтар

Қазақстан Молдовамен іскерлік әріптестікті нығайтады

Қазақстан Молдовамен іскерлік әріптестікті нығайтады
Фото: Сыртқы істер министрлігі 17.06.2023 20:49 788

Бейнеконференция режимінде «Қазақстан-Молдова: жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форум ұйымдастырылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы саяси ведомство таратқан мәліметке сәйкес, форум Қазақстанның Молдовадағы елшілігінің бастамасымен өтті.

Жиынға Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Молдованың вице-премьері – Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Владимир Боля, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік құрылымдары және іскер топтары өкілдерінің қатысты.

Форумды аша отырып, Қазақстанның елшісі Алмат Айдарбеков бұл іс-шара тұңғыш рет өткізіліп отырғанын айтты. Оның Қазақстан-Молдова өзара іс-қимылының әлеуетін жүзеге асыру платформасы, Астана қаласында өткізілуі жоспарланған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын іске асыруға дайындық болатынына сенім білдірді.

Өз сөзінде вице-премьер В. Боля Шығыс Еуропа өңіріндегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Молдова тарапы Қазақстанмен екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға ниетті екенін, оны бүгінгі бизнес-форум растайтынын атап өтті.  

Қатысқан екі елдің квазимемлекеттік құрылымдары мен іскер топтарының өкілдері инвестициялық әлеуеті мен кооперацияның перспективалары туралы баяндамалар жасады. Қазақстан мен Германия компаниялары басшыларының сөз сөйлеуі ерекше қызығушылық тудырды. Олар Молдовада шыны зауытын салу туралы өз жоспарларымен бөлісті.

Жалпы, форум 100-ге жуық қатысушыларды жинап, Қазақстан мен Молдовада өз қызметін жандандыруға ниет білдірген екі ел кәсіпкерлерінің шынайы қызығушылығын тудырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға