Жаңалықтар

Қазақстан мен UNFPA отбасы және гендерлік саясат мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен UNFPA отбасы және гендерлік саясат мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайтады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 10.04.2025 21:47 551

БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының (UNFPA) Қазақстандағы өкілі Чинве Огбоннамен мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар бірлесіп жасаған бағдарламалар қорытындыларын талқылап, 2026–2030 жылдарға арналған жаңа бағдарлама әзірлеу барысы мен ынтымақтастықты нығайту перспективасын қарастырған. 

Евгений Кочетовтың айтуынша, министрлік ЮНФПА-мен бірлесіп, отбасы институтын нығайтуға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әке институтын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. 2024 жылы отбасын жоспарлау, отбасылық психология, репродуктивті денсаулық және отбасы бюджетін жоспарлау мәселелері бойынша азаматтарға некеге дейінгі ақысыз кеңес беру және оқыту бойынша пилоттық жоба іске асырылды.

Министрлік ЮНФПА-мен бірлесе Отбасын қолдау орталықтарының қызметін үйлестіру және әдістемелік бағыт беру жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде, 2024 жылғы маусымнан бастап мұндай орталықтардың саны 112-ге жетіп отыр. 

Вице-министр ЮНФПА өкілдеріне Аналар күні (11 мамыр), Халықаралық отбасы күні (15 мамыр), Балаларды қорғау күні (1 маусым), Әкелер күні (15 маусым), Қазақстандағы отбасы күні (14 қыркүйек) қарсаңында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды, сондай-ақ осы жылдың маусым айында өтетін X Республикалық әкелер форумына қатысуды ұсынды.

Чинве Огбонна ханым өз кезегінде министрлікке тиімді ынтымақтастық үшін алғыс айтып, жүзеге асырылып жатқан жобаларға қолдау білдірді және әріптестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға